01
Карантин кезінде Нұр-Сұлтанға кіруге және қаладан шығуға кімдерге рұқсат берілді
Елордадағы санитарлық блокпосттар жұмысының жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді.
Алгоритмге сәйкес, қала аумағына шығуға/кіруге тыйым салуды қамтамасыз ете отырып, блокпостарда санитарлық-карантиндік бақылау жалғасуда, мыналарды қоспағанда:
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
- ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;
- карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан тұлғалар;
- медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар;
- көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген тұлғалар;
- Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
- ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блокпосттарда қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін;
- патрульдік полицияның еріп жүруінсіз жерлеу мақсатында карантин аймағын кесіп өтетін азаматтар;
- шет мемлекеттердің азаматтары;
- карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан тұлғалар;
- карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан тұлғалар;
- әуе рейсімен бара жатқан тұлғалар;
- қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін тұлғалар;
- азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың жүк көліктері;
- транзит.
Сонымен қатар, бекітілген құжатта карантин аймағын кесіп өту бойынша барлық түпкілікті шешімдерді жауапты қызметкерлер блокпостарда қабылдайтыны айтылған.
Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағын кесіп өтетін әрбір тұлға «БЛОКПОСТ» ақпараттық деректер базасында міндетті түрде есепке алынуы тиіс.