17Басты жаңалық

2023 жылы Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды

Келесі жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.

«Түркістан – еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде аталған қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 жылы Түркістан қаласын түркітілдес елдердің туристік астанасы етіп жариялауды ұсынды. Биыл түркітілдес елдердің туристік астанасы – Баку», – деді Ержан Еркінбаев тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Вице-министрдің айтуынша, биыл Түркістанға туристерді тарту мақсатында бірқатар ауқымды шаралар өткелі отыр.

«Жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралардың форматы әртүрлі. Оның ішінде мәдени, туристік, спорттық, ойын-сауықтар, тағы сол сияқтылар бар», – дейді ол.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button