01

Нұр-Сұлтан тұрғындары Жеңістің 75 жылдығына ерекше құттықтау жасады

Нұр-Сұлтанда «Тарлан» ТК тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына ерекше құттықтау жасады. Қала тұрғындары терезеден «9 мамыр» деген жазу көрінетіндей етіп, пәтерлерде бір мезгілде жарық жақты.
Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты, Жеңіс мерекесін әдеттегі форматта өткізу мүмкін болмады. Бірақ қала тұрғындары майдангерлерге үйден шықпай-ақ құрмет көрсетті. Олар телефон шамдарын жағып, соғысқа қатысқан аталарының суреттерін алып балкондарына шықты.
Сонымен қатар музыканттар, үрмелі аспаптар оркестрі ардагерлер тұратын үйлердің ауласында соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығын мерекелеу құрметіне Нұр-Сұлтанда 3 688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Төлемнің жалпы сомасы 180 млн. теңгені құрады. 44 соғыс ардагері мен мүгедектеріне 1 млн теңгеден төленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button