Саясат

Нұротандықтар Қоғамдық кеңес жұмысын қорытындылады

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалында партия жанындағы аймақтық экологиялық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес мүшелері 2021 жылғы Экология және қоршаған ортаны қорғау бағытында Жол картасын іске асыру бойынша қорытынды есепті және кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегимбековтің сөзіне сүйенсек: «Қоянды және Астана су қоймаларындағы балықтарды оттегімен қанықтыру және олардың жойылуына жол бермеу мақсатында жыл сайын қысқы уақытта аэрациялық іс-шаралар өткізіледі. Бір уақытта бірнеше учаскеде 16 мотопомпа іске қосылды, жұмыс кезеңінде 86880 м3 (166 тәулік) су жіберілді. Аталған жұмыстар сапалы орындалуда, жыл сайын елорданың су айдындарында балықтардың қырылу сан азайып, оң нәтиже байқалады». Сондай-ақ, елордада ағаш отырғызу мәселесі бойынша Айдын Бегимбеков «2021 жылы Нұр – Сұлтан қаласының аумағында барлығы 1 065 568 дана ағаш отырғызылды. Елорданың «Жасыл белдеуі» аумағында 890 151 дана көшет отырғызылды» деп хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы экологиялық кеңесі төрағасының орынбасары Шасалим Шагалимов «Сарыбұлақ» және «Ақбұлақ» бұлағының жағалау белдеуін абаттандыра отырып, реконструкциялау, сондай-ақ қажет болған жағдайда орындарын ауыстыра отырып, үйінділерде 10 мобильді (жасырын) камера орнату мәселелерін егжей-тегжейлі қарау қажеттігін атап өтті. Камералар Айкомек қызметімен және Сергек камераларымен біріктірілуі керек екендігін де айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша нұротандықтар Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына кеңес отырысында айтылған Экология және қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша Жол картасының 8-тармағын, 2022 жылға арналған жоспарды ескере отырып, корреляция жобасын енгізуді ұсынды. Вячеслав су қоймасын жеке меншікке беру кезінде оның қаланы сумен жабдықтау үшін стратегиялық маңызы назарға алынсын; жаңаларын пайдалануға беру кезінде ескі қоқыс контейнерлерін бөлу бойынша мониторинг жүргізу; оларды қала аудандары бойынша қайта бөлу мүмкіндігін қарастыру; қатты бөлшектер (күл) түріндегі көмір қалдықтарын шығарудың белгіленген ережелерге сәйкестігін тексеру; шығарылатын ҚТҚ (құрылыс қоқысы) көлемі мен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем арасындағы сәйкестікті тексеру керектігін тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button