Қоғам

«Nur Otan» партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті

2021 жылдың 18 қазанда «Nur Otan» партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Іс шараға Мәслихат депутаты, кеңес төрайымы Уразалина Динара Аманболовна, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Ұлт денсаулығы жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» «Nur Otan» партияcының сайлауалды бағдарламасының жол картасын орындау аясында «Үй жанындағы дәрігер» жобасының 3 медициналық орталықтары ашылып, іске қосылуда: Шипагер, Fenix, Достық, Құдайбердіұлы,28. Осы орталықтардың ашылуы халықтың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Бұл жоба қазір халық үшін өте тиімді. Ұлт денсаулығы жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері орталықтарға ең бастысы халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуіне ықпал ету керек екенін білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button