Ағымдағы жылдың 1 қазаны Діндерді зерттеу орталығы Евангелиелық сенім христиандар одағымен бірлесіп, қалалық Дін істері басқармасының қолдауымен Халықаралық қарттар күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
«Қарттар күні қарсаңызда қайырымдылық акциясын өткізіп жатырмыз. 120 азық -түлік пакетін дайындап, мұқтаж адамдарға жеткіземіз», – деді Қазақстандық Евангелиялық сенім христиандары одағы басшысының орынбасары Игорь Цай.
Өз кезегінде Агапе Евангелиялық христиан шіркеуінің басшысы Мария Николаевна: «Менің ойымша, бұл біз үшін өте жақсы бастама, мұқтаж жандарға көмектесудің тамаша мүмкіндігі деп ойлаймын. Қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет»,- деді.
Акция аясында 120 азық -түлік боксы мұқтаж отбасыларға таратылды.