Қоғам

Елордада «Тіл тазалығы» атты семинар-тренинг өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен өткен бұл шара Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бағытталған. Іс-шараны өткізудегі мақсат: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қадір-қасиетін арттыру; қоғаммен байланыс жасайтын мамандық иелеріне кәсіби бағыт-бағдар беру; болашақ журналистерге (студенттерге) тәжірибелі мамандардың кеңесін тегін алуға мүмкіндік жасап, біліктілігін арттыру және теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Семинар-тренингте «СММ негіздері мен ерекшеліктері», «Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде» және «Таза баспасөз тілі» тақырыптары талқыланды. Ақпараттық технологияның дамыған сайын оны тұтынатын жандардың да талғамы артатыны сөзсіз. Іс-шараның негізгі өзегі де осы хақында болды.
Ескерту:
Қатысушылар карантин талаптарына сәйкес офлайн шарада бас қосты. Сондай-ақ іс-шара онлайн форматта, яғни ZOOM платформасында да ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат қатысушылар мен медиа-тренерлердің денсаулығына қауіп төндірмей, карантин режимін сақтау. Қатысушылардан вакцина төлқұжатымен, «Ашық» жүйесі арқылы кірген.

Айта кетейк, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне орай ХХІІІ қалалық Тіл фестивалі басталған болатын. Және бұл фестиваль 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Фестиваль аясында бірнеше іс-шара жоспарланған. Бұған қатысты ақпараттар әкімдіктің ресми сайтында, әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button