Қоғам

Балаларға арналған BOİAMAQ бояу кітапшасы таныстырылды

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі бойынша жасалған BOİAMAQ атты бояу кітапшасы таныстырылды. Кітапшаның әр беті латын әліпбиіндегі әріптерге арналған.

Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Осыған орай, балаларға арналған боямақ-кітапшасы суреттер арқылы латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиімен таныстырады.

Бояу түстері арқылы баланың шығармашылығы дамиды, қолының жазуға деген икемділігі мен моторикасы шынығады.

Тапсырыс беруші Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдағы уақытта бояу кітапшаларын қаладағы балабақшаларға таратады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button