Мемлекет басшысы сайлау туралы Конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, заңға сәйкес, аудандық деңгейдегі қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау енгізіледі. Сонымен бірге, саяси партиялардың Парламент пен мәслихатқа өтуіне қойылған 7 пайыздық шек 5 пайызға дейін төмендетілді.