Еуропаның 12 топ-клубы Суперлигаға қатысуға келісті
Тамыз айында басталуы жоспарланған жаңа Суперлигаға Еуропаның 12 топ-клубы қатысуға келісім берді. Олар: «Милан», «Арсенал», «Атлетико», «Челси», «Барселона», «Интер», «Ювентус», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Тоттенхэм».
Топ клубтар табыстарын кедей клубтар және УЕФА-мен бөліскісі келмейді. Жаңа Суперлига УЕФА-дан бөлек ұйым болмақ. УЕФА әзірше қрасылық реакциясын көрсетіп үлгерді. Суперлигаға қатысатын клубтар ешқандай турнирге қатыса алмайды және ойыншылары Ұлттық Құрамада ойнай алмайды.
Лиганың құрушылары Флорентино Перес пен Андреа Аньелли – Реал Мадрид пен Ювентустың басшылары. Реалдың президенті Суперлиганың да президенті болды, ал оның орынбасарлары – Джоэль Глэйзер («МЮ») мен Аньелли.
Лиганың бас демеушісі JP Morgan банкі лигаға 4,6 миллиард фунт ақша салып отыр. Бұл ақша трансляциялар арқылы қайтады деп есептейді.
Суперлиганы құрушы клубтар 3,1 миллиард фунт көмек алады. Бұл ақша стадиондарды жөндеуге, клубты дамытуға жұмсалады.
Лигада барлығы 20 команда болады. 10 командадан 2 топқа бөлінеді. Бәрі бір бірімен ойнап шығады да, үздік 3 командадан плей-оффқа шығады. 4 және 5-орын алған командалар өзара ойнап, плей-оффқа қатысатын қосымша 2 команданы анықтайды. Алғашқы ойындар тамыз айында басталады. Ойындар апта іші сейсенбі-сәрсенбі күндері өтеді. Ал демалыс күндерінде командалар өздерінің ішкі чемпионаттарына қатыса алады.
Боруссия Дортмунд, Бавария, ПСЖ Суперлигаға қосылмайтын болыпты. Немістер үйреніп қалған тәртіптерін бұзғысы келмесе, ПСЖ қожайыны арабтар өз елдеріндегі трансляциялар үшін УЕФА-ға қыруар ақша төлеп қойған. Сондықтан УЕФА-ға әзірше қарсы шыға алмайды.