Спорт

Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның кеңейтілген құрамы белгілі болды

21 мамыр – 6 маусым аралығында Ригада өтетін хоккейден әлем чемпионатына баратын Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан хоккей федерациясы мәлім еткеніндей, кеңейтілген құрамға 35 ойыншы енгізілді.

Осылардың ішінен негізгі құрамға 28 хоккейші (25 ойыншы, 3 қақпашы) алынады.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарқа»), Демид Еремеев («Теміртау»), Андрей Шутов («Торпедо»);

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Егор Шалапов, Виктор Сведберг (бәрі де – «Барыс»), Әділ Бекетаев («Торпедо»), Кирилл Полохов («Тамбов»), Дмитрий Степанов («Ақтобе»);

Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Асетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Кертис Волк (бәрі де – «Барыс»), Саян Данияр («Номад»), Дмитрий Гренц, Кирилл Савицкий, Александр Шин, Артем Лихотников (все – «Торпедо»), Александр Борисевич, Владислав Никулин («Сарыарка»), Евгений Рымарев («Югра»), Найджел Доус («Ак Барс»).

Ұлттық құраманы Юрий Михайлис бастаған мамандар жаттықтырады.

Қазақстан құрамасы елордалық «Барыс Аренада» өтетін оқу-жаттығу жиынына 29 сәуір күні бас қосады. 13 және 15 мамыр күні Ригада қазақстандықтар Беларусь құрамасымен екі бақылау матчын өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button