09Қоғам

Жезқазғанның 70 жылдығы маңызды 70 іспен атап өтіледі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Қаланың 70 жылдығына арналған 70 маңызды іс” жобасы әзірленді. Жетпіс тармақ бірнеше бөлімге біріктірілді. Олардың қатарында жолдарды жөндеу, жаңа әлеуметтік нысандарды ашу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бар.

Бағдарламаны бірнеше жыл бойы – 2021 жылдан 2024 жылға дейін іске асыру жоспарлануда.

Жезқазғанға инвестициялық тартымды қала мәртебесін беру көзделіп отыр. Шаһардың сәулет келбеті мен инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, кәсіпкерлік пен “жасыл” экономиканы дамытуға күш салынбақ.

Маңызды істердің ең бірінші тармағы – “Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету” болып табылады. Жобаны жүзеге асыру барысында 112 апатты үйдің тұрғындары көшіріледі. Дарынды балаларға арналған “Өркен”арнайы мектебінің оқушылары үшін 200 орындық жатақхана салынады. Биыл әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 70 пәтер беріледі. Кеңгір су қоймасының сол жағалауында жаңа қала салу жоспарлануда. Бастапқыда 17 үй салынып, соның арқасында 744 отбасы баспанамен қамтылады.

Ескі су құбырлары жаңартылып, жаңа қалаішілік су құбырлары салынады. “Кері ОСМОС” мембраналық су тазарту технологиясын енгізу арқылы ауыз судың сапасы жақсарады. Сондай-ақ, кәріз-тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жүргізіледі. 2023 жылға Кеңгір су қоймасын балшықтан тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Биыл Жезқазған – Қызылорда (Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы тас жолының учаскесі) автожолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл қаланың көлік тұйығынан шығуына септігін тигізеді. Еліміздің оңтүстік өңірлерімен тауар айналымы артады.

Маңызды істердің қатарында қалалық автожолдарды жөндеу жұмыстары да бар. Ағымдағы жылы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын 22 көшеде орташа жөндеу жүргізіледі, 2022 жылы №1 және 2 жол өтпелерін қайта жаңарту жоспарланған.

Газдандыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда, ол 2025 жылы аяқталуы тиіс.

Көптеген жаңа әлеуметтік нысандар салынып, ашылады. Теректі станциясында 80 орындық мектеп ашылады. Жезқазғанда үш балабақша және Кеңгір ауылында бір балабақша жұмыс істей бастайды. Билік сондай-ақ 70 балалар ойын алаңын орнатуға және су қоймасының жағасында жалпы қалалық саябақ ашуға уәде беріп отыр.

Осы жылдың мамыр айында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша дағдарыс орталығы есігін айқара ашады. 2023 жылы 140 спортшыға арналған жатақханасы бар “СК NAMYS” ҚҚ спорт кешені, 2024 жылы көрермендерге арналған мінбелері бар 320 орындық жабық футбол манежі салынуы тиіс.

Ашық аспан астындағы “Степлаг тарихи кешені” мұражайы мен “Жошы хан” тарихи-мәдени кешені жұмыс істей бастайды.

Денсаулық сақтау саласына қатысты. 2022 жылы Жезқазғанда 62 төсектік онкологиялық орталық пайда болуы тиіс. Перзентханада, жүкті әйелдердің гинекология және патология бөлімінде және шала туған балаларды күту бөлімінде күрделі жөндеу жоспарланған. Олардың барлығы көпбейінді аурухана ғимаратында болады.
Жаңа өндірістердің арқасында жұмыс орындары пайда болады. Өнеркәсіптік реагент шығаратын химиялық зауыт ашу жоспарланған. Сондай-ақ қара мыс концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеудің тәжірибелі зауыты мен Жезқазған құрылыс материалдары зауыты өз жұмысын бастауы тиіс.

Ауыл шаруашылығы дамитын болады. 200 гектарға дейін өсімдік шаруашылығы үшін егіс алқаптарын ұлғайту жоспарлануда. 600 бас ірі қара малға арналған екі бордақылау алаңы мен жылыжай кешені салынады. Биоэлектростанцияны, ал 2024 жылы жел электр станциясын іске қосу жоспарлануда.

Цифрлық ахуалдық орталық құру жоспарланған. Жаңа форматтағы Open Space-тің ашылуы халық үшін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталатын болады.

Он бес жоба “Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру” бөлімін қамтиды. Олардың арасында жерлестер форумы, Халықаралық театрлар фестивалі, Жақсыгелді Сейіловтің республикалық ән орындаушылар байқауы және “РОБОЛЕНД-2023” фестивалі бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button