01

Елордада бірнеше тұрғын үйдің 4 подъезі карантинге жабылды

Елордадағы әртүрлі тұрғын үйлердің төрт подъезі карантинге алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2 мамырда әртүрлі тұрғын үйдің, соның ішінде «Номад» тұрғын үй кешенінің подъезді карантинге алынды. Подъездерде дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Сол үйлердегі тұрғындарға далаға шығуға болмайды, олар үйде отыруы керек және ол подъездерге ешкімге кіруге болмайды» делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, ол аумақ ескерту белгілерімен қоршалған және полиция қызметкерлері күзетіп жүр.

«Подъездер карантинге қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша жабылады. Бұл шараның бәрі қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалған» делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button