13Қоғам

Қылмыстар төмендеген

Түркістан облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 29,9%-ға төмендеген. Құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін аймақта бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылды. Осы және өзге де өзекті мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде қаралды.
Белгілі болғандай, биылғы жылдың 10 айының ішінде атқарылған іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандар және бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 332 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды.

Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 10 айында көпшілік орындарды ластаған, белгіленбеген орындарда темекі тартқан, спирттік ішімдік ішкен, ұсақ бұзақылықтар жасаған азаматтарға 6799 әкімшілік хаттама толтырылған. Жұмыс күшейтіліп, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артқан.

Түркістан облысында қоғамдық орындарды, көшелерді және басқа да қылмыс көп орын алатын жерлерді сапалы және заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстары жалғасады.

Қоғамдық резонанс тудыратын алаяқтық қылмыс түрлерінің бірі – қаржы пирамидаларын құру. Ішкі істер департаментінің мәліметіне сәйкес, биыл облыс аумағында қаржы пирамидасын құрудың 3 дерегі анықталған. Атап айтқанда, шамамен 1947 салымшысы бар «Gold Company LTD» (шамамен 597 млн теңгеге шығын келтірген) және шамамен 650 салымшысы бар «Миллениум» (шамамен 1,755 млрд теңгеге шығын келтірген) қаржы пирамида құрушылары ұсталып, қылмыстық істері сотқа жолданған. Қазіргі таңда осы тәріздес «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамидасын құрушылар анықталып, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button