09Қоғам

Жауынгерлер құрметіне ескерткіш орнатылды

Қарағанды ​​гарнизонының 22750 әскери бөлімінде барлау жауынгерлерін еске алуға арналған мемориал ашылды. Оған жеті батырдың есімдері ойылып жазылған. Тізімде бірінші болып аты аңызға айналған қара майор Берік Керімбаев тұр. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан офицерлер туралы естелік орнатылды.
– Біз мемлекет қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткен сжауынгерлерді еске аламыз. Олардың ерлігі негізінде жаңа ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Барлаушы болу оңай емес. Олар көрінбейтін майданның жауынгерлері, кез-келген операциядағы сәттілік оларға байланысты, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мереке Күшікбаев.

Ескерткіштің ашылуына әскери қызметшілер мен ардагерлер қатысты.

Бақытгүл Райымбердиева естелік үшін алғыс айтты. Оның ұлы лейтенант Берік Райымбердиев 2009 жылы 21 тамызда қайтыс болған. Оның есімі де мемориалда ойып жазылған және тарихта қалады. Марқұм офицердің анасы барлығына бейбітшілік, денсаулық және тыныштық тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button