01Басты жаңалық

Елордада айыппұл төледі

Елордада мобильді топтар карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда. Полиция қызметкерлері, аудан әкімдіктері өкілдері, еріктілер сауда орталықтарын, кафелер мен мейрамханаларды тексереді.
Сонымен, 30 қарашада сағат 00.54-те кестеге бағынбай жұмыс істейтін «Пират» сыра бары анықталды. Сол күні сағат 00:10-да тексерушілер қалалық сауналардың бірінде заңбұзушылықтарды анықтады.

Меншік иелеріне қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Барлығы 28 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 2176 материал келіп түскен. Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 1111 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 219 487 554 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 175 316 635 теңгеге 884 әкімшілік айыппұл төленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button