01Басты жаңалық

Қоғам белсенділері Тұңғыш Президент күніне орай акция бастады

Алдағы күндері елорданы көшіру, қала салу, ірі нысандардың ашылуы туралы бірқатар бейнероликтер көрсетіледі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев қабылдаған тарихи оқиға туралы елорданың қалыптасуына тікелей атсалысқан басшылар мен бүгінгі таңда қаланың дамуына өз үлесін қосқан белсенділер баяндайтын болады.
Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ректоры, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Еңбек Ері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты Айман Мұсақожаева шағын бағдарламалар топтамасының кейіпкері болды. Ол 1998 жылы Елбасының бастамасымен жаңа астанада салынған Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының (ҚазНАМ) құрылу тарихы туралы айтып берді.

“1994 жылы елорданы Ақмолаға көшіру идеясы пайда болды. Біз, энергияға толы жастар, мемлекет құрылысына да қатысқымыз келді. Біз осында келіп, Қазақ Ұлттық Музыка Академиясын құру жобасын жүзеге асырғымыз келетінін айттық. Нұрсұлтан Әбішұлы, үкімет және әкім қызметін атқарған Әділбек Жақсыбеков те аянып қалмады. Бүгінде біз 22-ші жыл жұмыс істеп жатырмыз. Қазақ Ұлттық Музыка Академиясы ретінде 10 жыл жұмыс істедік. Ендігі атауы – Қазақ Ұлттық Өнер Университеті. Біздің оқу орнымыздың қалыптасу кезеңінде Нұрсұлтан Әбішұлы бізге көп көмек көрсетті. Үкіметті де, Білім министрлігін де, Мәдениет министрлігін де қолдады. Осы кезеңде елімізде әртістердің жаңа буыны – Димаш Құдайберген, Сүндет Байғожин, Лаура Ахметова өсті. Бұлар – біздің мәдениетімізді танытып жүрген нағыз дарабоздар.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы миссия орындады. Нұрсұлтан Әбішұлы Нұр-Сұлтанда мәдениетті қалыптастыра бастаған уақытты біз “Ренессанс” яғни қазақстандық мәдениетті қайта жаңғырту кезеңі деп атаймыз”, – дейді Айман Мұсақожаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button