14Қоғам

Құрылыс нысандарын салуға басымдық берілді

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жобалар облыс тұрғындарының сұранысына сай іріктелгенін айтады. Сол себепті биыл Павлодар облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 21 тұрғын үй салынып жатыр. Оның басым бөлігі Екібастұзға тиесілі.
– 2020 жылы кеншілер мен энергетиктер қаласының бас-аяғы 1000-нан астам тұрғыны жалдамалы пәтерге ие болады. Ал Ертіс ауданында салынып жатқан үш үйдегі пәтерлер кезектегі тұрғындардың үштен бір бөлігіне беріледі. Сөйтіп, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында қолға алынған 227 жоба тұрғындарды еңбекпен ғана қамтып отырған жоқ, көп жыл шешілмей келген баспана мәселесін де шешуге ықпал етті. Сонымен бірге аулаларды абаттандыру, жолдарды асфальттау, суару инфрақұрылымын салу сияқты шаруалар да реттеліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баспасөз мәслихатында.

Павлодар облысында жыл соңына дейін жалпы аумағы 346 шаршы метр болатын тұрғын үйлер қолданысқа беріледі. Жалға берілетін пәтерлер 2019 жылға қарағанда 9 есе көп.

Басқа жаңалықтар

Back to top button