Жерлеу орындарын А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттері мен қызметкерлері тапты. Археологтардың айтуынша, олар жоспарлы қазба жұмыстарында болып, Қаратомар қорымын зерттеген. Жергілікті тұрғындардан Береговое кентінде жерлеу туралы естіп,біліп, ол жерден қираған археологиялық орынды тапты.
Топ қосымша қазба жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдап, оның барысында балалар қорымын тапты. Артефактілер арасында-пышақтар, керамика, білезіктер және т.б. табылды. Қазір тарихи олжалар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жіберілді.