02Денсаулық

Медициналық сақтандыру жүйесі аясында қандай қосымша медициналық қызметтерді алуға болады

Бұл туралы өткен онлайн-сұхбат барысында, № 5 қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Разинова айтты.

2020 жылдың қаңтарынан бастап “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” 2015 жылғы 16 қарашадағы ҚР Заңы күшіне енді. Қазақстандықтар екі пакет бойынша медициналық қызметтер алуда: Бірінші пакет – бұл кепілдік берілген тегін медициналық көмек түрі немесе ТМККК, екіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті немесе МӘМС.

“ТМККК-бұл қызметтердің нақты тізімі. Оған шұғыл жағдайларда көмек көрсету, әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруларды емдеу кіреді”, – деп түсіндірді Т. Разинова.

ТМККК қызметтерінің тізбесіне:

жедел медициналық көмек;

санитарлық авиация;

алғашқы медициналық-санитария- лық көмек (бұдан әрі-МСАК);

МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

стационарды алмастыратын көмек;

стационарлық көмек;

медициналық көрсеткіштер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

халықтың жекелеген санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі және т. б.

Ол сондай – ақ, кепілдік берілген пакет сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, елде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың барлығына қолжетімді. Егер де МӘМС-жарналарын немесе аударымдарды төлеген болса, ондай жағдайда жоғарыда атап өткендей, азаматтардың бәріне қолжетімді екенін атап өтті.

“Медициналық сақтандыру жүйесінің өзі – азаматтарға, жұмыс берушілерге, көп жағдайда мемлекет жұмыс беруші болғандықтан, барлық төлем жасайтындар үшін бірдей сенімді және тиімді. Барлық үш тарап үшін денсаулықтары өз жауапкершілігінде. Бұл ретте әрбір адам қажеттіліктері бойынша медициналық көмек ала отырып, мүмкіндіктері бойынша төлейді.

МӘМС – тің маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтілік: мемлекет әлеуметтік жағынан төмен халықтың үлкен тобын өз қамқорлығына алып, олар үшін жарналарды өзі төлейді. Сонымен қатар, медициналық сақтандырудың барлық қатысушылары медициналық қызметтердің бірыңғай сақтандыру пакетіне тең қол жеткізе алады”, – деп атап өтті ол.

ТМККК шұғыл медициналық араласуға қатысты барлық нәрсені қамтамасыз етеді. Оның ішінде – жедел көмек, санитариялық авиация, бірқатар созылмалы аурулардың динамикасын бақылау, шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарды алмастыратын көмек.

“Сондай – ақ, барлық қазақстандықтар сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан емханаға жүгіне алады, стационарда шұғыл емделеді. Сондай – ақ әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде қажетті медициналық қызметтердің толық тізбесін ала алады”, – деп атап өтті ол.

Сақтандыру пакетіне қымбат операциялар мен медициналық қызметтер, дәрігерлер қабылдауында болу, сондай-ақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған қызметтер кіреді. МӘМС – МРТ, компьютерлік томография, ПТР-талдау секілді қызмет түрлерін алуға болады. Сондай-ақ стационарды алмастыратын көмек, тегін емделетіндер тізіміне кірмейтін аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек көрсетілетін болады.

“Жарна төлеу арқылы адам МӘМС аясында өзіне қажетті қызметтердің барлық спектрін ала алады. Сақтандырылған азаматтарға жоспарлы және диагностикалық- медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылады. Соның арқасында денсаулықты сақтауға, алдын ала ауруларды ерте кезеңде анықтауға және оларды уақытында емдеуге болады”, – деп түйіндеді Т.Разинова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button