Жаңалықтар
Риддерде су тасқынының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Риддерде су тасқыны қауіпті жағдайды жою бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Маусым басталғаннан бері 68 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл су басу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Жақын арада коммуналдық қызметтер еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін 13 шақырым арықтар мен 70 су өткізу құрылыстарын тазартуға кірісетін болады.
Максималды нәтижеге қол жеткізу үшін жалпы жауапкершілік таныту маңызды. Қалалық қызметтер тұрғындардан – іргелес аумақтарды уақтылы тазартуға, арықтарды бітемеуге және кептелістер мен проблемалық учаскелер туралы жедел хабарлап отыруға шақырады.