09Қоғам

Көп балалы отбасыларды қолдайтын орталық ашылды

Қарағанды қаласында көп балалы отбасыларды қолдайтын “Жанұя” деп аталған орталық ашылды.

Жаңа орталықтың ашылу салтанатына Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығы, “Отбасы мектебі” қорының өкілдері және көп балалы аналар қатысты.

“Жанұя” орталығында көп балалы отбасы мүшелері білікті психологтардың, заңгерлер мен әлеуметтанушылардың көмегіне жүгіне алады. Бұл жерде денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй бағдарламалары мәселелері бойынша кеңес алуға мол мүмкіндік қарастырылған.

Айта кететін бір жайт, карантин шарттарына байланысты кеңес алу алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Орталықта айына бір рет АӘК беруден бастап, көп балалы отбасында өзара қарым-қатынас құрудың психологиялық тәсілдеріне дейінгі аралықты түрлі тақырыптар бойынша семинарлар өткізіп тұру жоспарланған.

Орталықтың тұсауы салтанатты жағдайда кесілгеннен кейін, алғашқы семинар өтіп, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” мамандары “Бақытты отбасы” мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотеканы қалай алу керектігі жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

Еске салсақ, “Жанұя” орталығы Қарағанды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен “Отбасы мектебі” қоғамдық қорының бастамасы бойынша ашылып, жұмыс істей бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button