Дауыс беру бойынша Түркістан облысы екінші орында
Аймақтар бойынша Түркістан облысы екінші орында – дауыс берушілердің 75,31 пайызы таңдау жасаған, деп хабарлайды Janalyq.kz.
6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат жарияланды. 6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алды.