Басты жаңалықЖаңалықтар

Үлкендіктер АЭС құрылысын бірауыздан дерлік қолдады

Алматы облысының Үлкен ауылында атом электр стансасын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Оның тұрғындарының басым көпшілігі АЭС салуды қолдады.

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің тілшісінің хабарлауынша, дауыс беруге 1096 ауыл тұрғынының 1066-сы (97%) қатысты. Олардың 956-сы АЭС құрылысы жобасын қолдайтынын білдірді. 79 адам қарсы дауыс берді.

Тағы 14 бюллетень жарамсыз деп танылды, себебі сайлаушылар екі жауап нұсқасын бірден белгіледі. 17 бюллетень бүлінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button