04Қоғам

Ақтөбеліктер тыйымға қарамастан той өткізуді тоқтатпаған

Ақтөбеде той, садақа өтіп жатыр. Шектеу шарасы күшейтілгенімен, адамдар үйге қонақ шақыруын тоқтатпады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінде эпидемиологиялық ахуал сөз болды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, видеоконференция режимінде қала, аудан әкімдері қатысты.

Өңір басшысының бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Оның айтуынша, індетке шалдыққандардың артуына шектеудің жеңілдеуі, скриниг өткізу шарасына және санитария талабын сақтамау — себеп. Өңірде 5 облыстық, 2 қалалық және 76 аудандық, ауылдық мониторинг тобы құрылған. Олар 1700-ден астам нысанды тексерді. Көбіне кіреберістк пирометр және санитайзер құралдары болмады, арақашықтықты сақтамады.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева ешқандай тыйымға қарамастан дәстүрлі шаралар өтіп жатқанын айтты.

Аймақ басшысы қауіпсіздік жұмысы маңызды екенін, дегенмен тұрғындарды тым қыспаққа алудың кері әсері барын жасырмады.

«Төтенше жағдай кезінде ақтөбеліктер барынша тәртіп сақтады. Қазір де жұмыс уақытын қарастыру жүктелді. Менің ойымша, уақытты шектеген сайын көп жинала береді. Демалатын уақытта субұрқақтарды өшіріп тастау мәселесін де қайта қарастыру қажет. Шектеу мен тыйымдар ақылға қонымды болуы тиіс. Қоғамдық көліктердің жүру уақытын ұзартып, азаматтардың көп шоғырлануын болдырмас үшін керсінше олардың жүріп тұруына мүмкіндік беру керек», – деді Оңдасын Оразалин.

Өңір басшысының бұл пікірін облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев те қолдады. Департамент өкілдері той-жиын өткізудің тәртібін бірлесе шешеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button