Экономика

Шағын бизнесті микрокредиттеу осы ай ішінде жүзеге асырылады

Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуі кезінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады.

“Шағын бизнесті қолдау маңызды мәселе болып табылады. Кредиттер мен кепілге қолжетімділік мәселесін шешу ШОБ-тің, әсіресе микробизнестің даму факторы болып табылады. Сондықтан “БЖК 2025” мембағдарламаға “микро және шағын бизнесті микрокредиттеу” жаңа бағыты қосылады”, – деді министр.

Жаңа бағыт 6%​ -тен аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы қаржыландыруды көздейді. Кредит көлемі айналымдағы құралдарды толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 млн. теңгеге дейін беріледі, бұл микробизнес өкілдерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің кепілінің жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе де шешімін тапты – Даму қоры негізгі ұзақ займның 85%​-іне дейін кепілдендіреді.

“Жаңа бағыт “БЖК 2025″ мембағдарламасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ, рәсімдер мен ЕДБ-ді тартуды талап етеді. Сондықтан, жаңа бағытты осы ай ішінде іске қосу жоспарланып отыр”, – деді Дәленов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button