Экономика

Елімізде тракторлар мен комбайндарды жасап шығару өндірісі артты

«Машина жасау – отандық өнеркәсіптің серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі. Елімізде өткен жылы машина жасау өндірісінің көлемі 1 370 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 20,9% артты. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өндірісінің көлемі 41,2 млрд теңгені құрап, 381 комбайн және 895 трактор шығарылды», делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, 2010 жылдан осы бағыттағы өнім желісін кеңейту басталды. Ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне арналған аспалы жабдықтар мен техниканың түрлерін өндіру іске қосылды. Тракторлар мен комбайндар өндірісі артты. «Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бағытындағы негізгі кәсіпорын – «СемАЗ« ЖШС. Зауыт мамандары Қазақстанда алғашқылардың бірі болып дәнекерлеу мен бояуды қамтитын толық циклді автожинауды енгізді. Онда жұмыс Кореяның Daewoo Bus Global Corporation компаниясы автобусын шығарудан басталды. 2006 жылы Семейде бұрыннан тұрып қалған арматура зауыты орнына автоқұрастыру өндірісі құрылды. Жобаға бастапқы кезеңде құйылған инвестициялар көлемі 9 млн АҚШ долларына жетіп, оның ішінде 7 млн өндірістік алаңды күрделі жөндеуге бағытталды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, биылдан бастап отандық трактор мен комбайндарды бастапқы жарна төлемей-ақ лизингіге алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button