17
Саяси науқан өз мәресіне жетті
Құрметті достар, құрметті жерлестер баршаңызға белгілі алдыңғы посттарымда саяси науқанда байқаушы екенімді әлеуметтік желі арқылы жазып отырдым.
Мен өзім Түркістан қаласы №115 сайлау учаскесінде байқаушы ретінде сайлаудың әділ өтуіне және кедергісіз өтуіне атсалыстым.
Халқымыз Әділетті Қазақстан үшін дауыс берді.Бұл халықтың жеңісі.
Бүгін Республика көлемінде маңызды әрі саяси күн.
Еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасап, мемлекет Президентін сайлады.
Республика көлемінде 10101 сайлау учаскесі әзірленіп, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды.
Ел бойынша сайлауға барлығы 10101 учаске іске қосылды, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат енгізілді.
Сайлау процесі заңда белгіленген тәртіппен өтті. Шетелден келген бақылаушылар оң бағасын берді.
Бұл саяси науқанға қаламыздың әрбір азаматы белсенділік танытты.
Еліміздің болашағына нақты қадам жасап,өз таңдауын жасаған жерлестерге алғысымды білдіремін.
Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында аянбай еңбек етіп, ел мүддесі үшін қызмет ете берейік!
Ибадуллаева Рая Серікбайқызы Түркістан қалалық мәслихат депутаты