Түркістан облысында “Аңсаған сәби” бағдарламасы бойынша 100-ден астам бала дүниеге келді
Қазақстанда денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғау болып қала береді, сондықтан елімізде перинаталдық қызмет деңгейін көтеру міндеті тұр.
“Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана, оның ішінде Түркістан облысында – 2 салу жоспарланған”, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапары барысында.
Түркістан облысында бала туудың жоғары деңгейін және босандыру ұйымдарының қуатын арттыру қажеттілігін ескере отырып, өңірде қазіргі заманғы екі перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр, оның бірі Сарыағаш ауданында салынатын болады.
Ол сондай-ақ 2021 жылдан бастап Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін ЭКО-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген “Аңсаған сәби” арнайы бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады.
“2021 жылы Түркістан облысында 453 квота бөлінді, 62 әйел жүкті болды, 106 – сы бала туудың бақытын білді”, – деді министр.