Ауыр атлетикадан Әлем біріншілігінде Қазақстан тағы бір алтын медаль еншіледі
Қазақстандық зілтемірші Никита Әбдірахманов Мексикада өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір медальмен толықтырды, деп хабарлайды janalyq.kz
102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (157+191) көтерген Никита Әбдірахманов жеңіс тұғырына көтерілді.
Күміс медаль Өзбекстан өкілі Құдіретбек Сәлімжановқа бұйырды, ол 327 келіні (156+171), ал үшінші орынға ие болған түрік ауыр атлеті Баки Кетмет 259 келіні (132+163) бағындырды.
Осылайша, ауыр атлетикадан Жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы төртінші “алтынды” жеңіп алды.
Айта кетсек, бұған дейін Денис Полубояринов (81 кг), Едіге Емберді (73 кг) және Ерасыл Сәулебеков (67 кг) алтын медаль иеленген болатын.