08Мәдениет

Жамбыл облысының әкімі қайырымдылық жасауға шақырды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірлік күніне орай өңірдегі кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға шақырды.

«Ежелгі Тараз» мәдени-тарихи орталығындағы «Достық» үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, облыстың этномәдени бірлестіктерінің халықтық қолөнер көрмесі өтті. Онда қойылған қолөнер туындыларымен танысып шыққаннан кейін Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарын бірлік күнімен құттықтап, дендеріне саулық пен отбасыларына амандық тіледі. Облыстағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мереке мәдени іс-шараларсыз өткізіледі, бірақ қайырымдылық іс-шараларын өткізуге баса назар аударылған.

– Біртұтас халықтың күші – қайырымдылығы мен әрдайым өзінің жақынына қол ұшын беруге әзір тұратындығында. Сондықтан, менің бастамаммен «Қайырымды істер» республикалық акциясы аясында біздің облыста қайырымдылық іс-шаралар марафоны бастау алды. Бұл іс-шаралардың қасиетті Рамазан айында және Бірлік күнінде орын алуы оның тағылымдық мәнін арттыра түсері сөзсіз.

Мен барша жамбылдықтарды және кәсіпкерлерді осы акцияға қолдау көрсетіп, қосылуға шақырамын. Шынында да, бұл адамдарға бір-біріне деген сенім мен жанашырлық, қайғы мен қуанышта бірге болу қабілетін жоғалтпады деген сенім береді. Баршаңызға мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін! – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, түрлі этнос өкілдері, белсенді жастар мен еріктілердің көмегімен мұқтаж адамдарға 1000-нан астам азық-түлік себеттері таратылды
Қайырымдылық акциялары облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылды. Мәселен, Талас ауданында екі отбасы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған жаңа үйде қоныс тойын атап өтті.
Шулық кәсіпкер өзінің қаржысына тұрмысы төмен отбасыға үй сатып алып берді. Сондай-ақ демеушілердің көмегімен 200 ас-ауқат жиынтығын тарату ұйымдастырылды.

Жуалы ауданында 70-тен астам ауыл тұрғындары қайырымдылық көмек алды. Сонымен қатар сенбілік өткізіліп, оның барысында 2000 ағаш отырғызылды. Осындай акция Меркі өңірінде де өтті, онда 1000 көшет отырғызылды. Сарысу өңіріндегі Жаңатас қаласының орталық саябағында 500 көшет тігілді. Сондай-ақ халық бірлігі күні мұнда қоғамдық келісім орталығы ашылды.
Қордай ауданында да аз қамтылған және көпбалалы 150 отбасыға азық-түлік жиынтығы таратылып, қайырымды жандардың демеушілігімен аудандық орталық ауруханаға 2 ӨЖЖ аппараты алып берілді.

Ал, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында Отбасы аллеясы ашылды. Мұнда аудан тұрғындарының отбасыларымен таза ауада демалуларына және балаларын алып келіп ойнатуға жағдай жасалған. Аллеяның жалпы аумағы 3,5 га құрайды, 7 алаңнан тұрады, олар жастарға, зейнеткерлерге, жас отбасыларға, спортшыларға, балаларға, мәдени іс шараларды өткізуге арналған. Аллеяда абаттандыру жұмыстары жүргізілген, түнгі жарықтандыру шамдары, орындықтар орнатылған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешені аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Халыққа жалпы құны 20,5 миллион теңгені құрайтын 48 тонна тауар ұсынылды

Басқа жаңалықтар

Back to top button