Жаңалықтар
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНАН 20 САРБАЗ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына Ұлытау облысынан 20 сарбаз іріктелді. Отан қорғаушыларды мерзімді әскери қызметке шығарып салу үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты рәсімге ұрыс іс-қимылдарына қатысқан ардагерлер мен Ұлытау гарнизонының әскери қызметкерлері, сарбаздардың ата-аналары қатысып, ақ жол тіледі.