Басты жаңалықЖаңалықтар

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің атқаратын қызметі қандай?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі “Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы” 2024 жылғы 15 тамыздағы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды janalyq.kz.

 

Бұйрықпен “Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті” РММ ережесі, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыстар бойынша департаменттерінің ережелері бекітілді.

Ережеге сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті еңбек қатынастары саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің міндеттері:

  • өз құзыреті шегінде еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы іске асыру;
  • өз құзыреті шегінде ҚР еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының, халықты жұмыспен қамту саласындағы ҚР заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Ведомствоның функциялары:

  • комитет құзыреті шегінде іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
  • өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, әзірлеуге қатысу, келісу;
  • құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану;
  • еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдерге мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру;
  • еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • ҚР заңнамасында көзделген тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
  • еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша туындайтын келіспеушіліктерді қарау;
  • үш-бес адам қаза тапқан еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаларды тергеу үшін арнайы комиссиялар құру;
  • комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және бақылау;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау;
  • ҚР еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • құзыреті шегінде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • Комитеттің аумақтық бөлімшелері ұсынатын еңбек қатынастары бойынша ақпаратты талдау және жинақтау;
  • ел кәсіпорындарының ұжымдарындағы, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы ахуалға мониторингті жүзеге асыру;
  • министрлік басшылығын еліміздің кәсіпорындарындағы еңбек қатынастары жөніндегі ахуал туралы хабардар ету;
  • еңбек даулары, наразылық акциялары мен ереуілдер туындаған кезде мүдделі мемлекеттік органдармен, кәсіподақтармен және жұмыс берушілермен бірлесіп шаралар қабылдау;
  • құзыреті шегінде меморандумдар мен келісімдердің жобаларын әзірлеу;
  • өз құзыреті шегінде халық пен жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • еңбек заңнамасы және еңбек қатынастары мәселелері бойынша кеңестер, форумдар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
  • құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ҚР заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Төраға комитетті басқарады.

Комитет төрағасының өкілеттіктері:

  • Комитеттің жұмысын ұйымдастырады;
  • Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені әзірлеу бойынша министрлікке ұсыныстар енгізеді;
  • Министрлік Аппаратының Басшысына қызметке тағайындау және қызметтен босату, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларға үстемеақы белгілеу, материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын көтермелеу және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
  • меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
  • Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;
  • ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
  • Комитет Төрағасына жүктелген, ҚР заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Комитеттің қарамағында оның аумақтық бөлімшелері бар:

  • “Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің (ҚР ЕХӘҚМ) Абай облысы бойынша департаменті” республикалық мемлекеттік мекемесі (РММ).
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті” РММ.
  • “ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті” РММ.

Бұйрық 2024 жылдың 15 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button