Басты жаңалықЖаңалықтар
Ұлттық ұлан сарбаздары нашақорды ұстады
Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті күзету бойынша жауынгерлік қызметті атқару барысында 6655 әскери бөлімінің әскери жасақ құрамы, жасақ бастығы қатардағы Касимов Диас және патрульшілер қатардағы Багдабай Еркебұлан мен Джуматаев Ербол патрульдеу барысында қала көшелерінің бірінен күдікті азаматты байқап қалады, ол әскери жасақты көрген бетте жасырынуға тырысқан. Әскери жасақтың жылдам әрекетінің нәтижесінде азамат «М» ұсталып, Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілген. Күдіктіні тінту барысында сыртқы киімінің қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес
«Марихуанаға» ұқсас зат табылған. Ұсталған азамат кінәсін мойындады және одан әрі тексеріс жүргізу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына тапсырылды.