ШҚО ПД-да отбасылық-тұрмыстық мәселелер жөніндегі қылмыстарды тергеу бойынша жұмыстың жай-күйі қаралды
Бұл мәселе ағымдағы жылдың 8 тамызында Департамент бастығының орынбасары Тақжанов Қазбектің төрағалығымен өткен жедел кеңесте қаралды.
Ағымдағы жылғы 15 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы заңды күшіне енді, оған сәйкес отбасылық жанжал шығарушы деп аталатындарға қатысты қолданылатын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1, 109-1-баптары енгізілді.
– «Тұрмыстық зорлық – зомбылық өткір және кең таралған әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және тек отбасылық жағдайдың бұзылуымен ғана емес, сонымен бірге моральдық құндылықтардың жойылуымен де байланысты. Біздің міндетіміз зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол бермеу және кінәлінің жазасын алғанын толық дәлелдеу”, – деп атап өтті полковник Тақжанов.
Кеңес барысында аталған санаттағы істерді тергеудегі негізгі түйткілді мәселелер қаралып, орын алған кемшіліктер бойынша бірқатар аумақтық бөлім басшылары тыңдалып, оларды жою жөнінде объективті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 16 маусымынан бастап облыс полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерімен 52 отбасылық жанжал шығарушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 14-і сотқа жіберілді.