Шығыс Қазақстанда «Дала күні» шарасы өтті

Глубокое ауданы Винное ауылында аграршыларды, ғылыми қауымдастық пен агробизнес өкілдерін біріктірген аймақтық Ауыл шаруашылығы алқап күні өтті.
Агроөнеркәсіп кешені өкілдерінің басын қосқан ауқымды іс шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Аймақ басшысы тура егіс алқабында ұйымдастырылған көрмеде замануи агротехнологиялармен танысып, жаңа өнім және ауыл шаруашылығы техникасының заманауи үлгілерін тамашалады.
Өңір басшысы мұндай кездесулер аймақта аграрлық саланың дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
«Дала күні – агроөнеркәсіп кешенін алға бастыратын ғылым, өндіріс және бизнесті біріктіретін бірегей мүмкіндік. Шығыс Қазақстан еліміздің өсімдік майының 40%-ті өңірде өндіріледі, күнбағыс өңдеу бойынша біз екінші орында тұрмыз. Сонымен қатар, өңір ара шаруашылығын, ет өңдеуді және дәстүрлі өнімдер шығаруды белсенді дамытуда», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Іс шараның іскерлік бағдарламасы АӨК өзекті мәселелерін талқылауды, цифрлық шешімдерді енгізуді және маусымның аралық қорытындыларын шығаруды қамтыды.
Осылайша, «Дала күні» тек салалық форум ғана емес, сонымен қатар аймақтың агроөнеркәсіптік кешені үшін маңызды шара болды.