Новости

«Қазақфильм» киностудиясы сценарийлерге байқау жариялады

«Қазақфильм» АҚ сценарийлерге байқау жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо киностудиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сіздің бойыңызда сценарий жазу қабілетіңіз бар ма? Ендеше өз талантыңызды дәлелдейтін уақыт келді! «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлерге байқау жариялайды. Міндетті шарттары: Фильмнің бюджеті барынша аз болуы керек. Комиссия мүшелерін жаңа идеямен, қызықты диалогтармен, жарқын кейіпкерлермен қызықтырыңыз. Фильмнің түсірілімі тек қана «Қазақфильм» аумағында, яғни киностудияның техникалық мүмкіндіктері мен павильондарын, сондай-ақ табиғи нысандарын пайдалану арқылы өтуі керек!» – делінген хабарламада.

Байқауға қатысу үшін сценарийді киностудияның поштасына жолдау керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button