Главные новостиЗдравоохранение

Қызылорда облысында ірі жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

Қызылорда облысында Самара — Шымкент тасжолында қайғылы оқиға болды, — деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент — Самара тасжолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша («Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу») соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан 5 адам қаза болып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button