Общество

Сарапшы: «АЭС — базалық энергия тапшылығын еңсерудің ең жылдам және тиімді жолы»

Сарапшы: «АЭС — базалық энергия тапшылығын еңсерудің ең жылдам және тиімді жолы»
Белгілі қазақстандық экономист Петр Своик Қазақстанда энергия тапшылығын еңсерудің қандай амалдары бар екеніне тоқталды. Ол елімізде атом электр станциясын салу ең тиімді және сенімді жол деп атап өтті.
Петр Своик Қазақстандағы энергия тапшылығын маңызды мәселе деп санайды. Оның есептеулеріне сәйкес, елде шамамен 1000 МВт жетіспейді, яғни нақты тапшылық шамамен 5% құрайды.
— Тапшылық қалай қалыптасады? Ол екі компоненттен тұрады. Біріншісі — базалық жүктеме. Тұтынушылар тәулік ішінде пайдаланатын көлем. Бұдан бөлек, ең жоғары қуат тапшылығы бар. Бұл бәрі таңертең ұйқыдан тұрып, құрылғыларды қосқанда және кешке күн батып, адамдар жарық қосқанда. Яғни, энергия тапшылығын өтеу екі құрамдас бөліктен тұрады: базалық тапшылықты және ең жоғары жүктеме тапшылығын өтеу, — деп түсіндірді ол.
Сарапшының пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстан үшін базалық энергия тапшылығын өтеу оңай болады. Оның үстіне, бұл мәселенің шешімі бар.
— Базалық тапшылықты өтеу тез, сенімді және арзан. Барлық нұсқалардың ішінен АЭС ең ұтымды шешім болып табылады. Өз ерекшелігінің арқасында нақ осы АЭС базалық жүктемені өтей алады және барынша жүктемемен жұмыс істейді. Реактордың өзіне максималды қуатпен тұрақты түрде жұмыс істеу ыңғайлы. Бұл тұрғыда атом энергетикасы электр станцияларының кез келген түріне қарағанда сөзсіз артықшылыққа ие, — дейді ол.
Ең жоғары жүктеме тапшылығын өтеу туралы мәселе күрделірек. Қазақстанда әзірге оның практикалық шешімі жоқ, ал теориялық тұрғыдан бұл жағдайдан шығудың екі жолы бар. Петр Своиктің пікірінше, бұл контрреттегіштер салу – әртүрлі деңгейдегі екі су қоймасы бар ГЭС және газтурбиналық қондырғыларды пайдалану.
— Контрреттегіштер ең жоғары қуат тапшылығы мәселесін шешуде қолайлы. Энергия жүйесінде профицит болған кезде мұндай ГЭС төменгі су қоймасынан су жоғарғы деңгейге жіберіледі. Ал тапшылық болған кезде, керісінше, жоғарғыдан төменгі су қоймасына тасталады. Газ турбиналық қондырғылар тез іске қосылып, тез тоқтайды. Мұндай техникалық шешімдер бар. Бірақ бұл, біріншіден, арзан емес, екіншіден, бұл үшін газ қажет», – дейді сарапшы.
Сондай-ақ, ол елде энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін базалық және ең жоғары қуаттар тапшылығын жою қажет екенін атап өтті. Егер екіншісіне қатысты белгілі бір қиындықтар туындаса, базалық энергия тапшылығы мәселесінің шешімі бар, ол — АЭС салу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button