Саясат

Қарулы Күштерде көлік құралдарына техникалық байқау жүргізіледі

Қазақстанның Әскери полиция органдарының қызметкерлері Қарулы Күштердің барлық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жыл сайын техникалық байқаудан өткізеді. Оны жауынгерлік дайындық іс-шараларына жеке құрам мен техниканы тартуға байланысты 15 мамырдан 15 қыркүйекке дейін өткізу жоспарлануда.

Техникалық байқау кезеңінде әскери полиция техникалық тексеру жүргізуге дайындықты ұйымдастырды. Ол бақылау-диагностикалық жабдықтарды сертификаттауды, әрбір гарнизонда техникалық байқауды өткізу кестесін бекітуді қамтиды.

Осыған дейін дезинфекцияға тартылған жүргізуші құрамымен жол қозғалысы ережелерін және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша күнделікті нұсқаулықтар ұйымдастырылды. Авто құю станцияларының лектер құрамында қозғалысы тек әскери полицияның сүйемелдеуімен ғана жүзеге асырылды,ал жеке қозғалыс кезінде арнайы техниканың әрбір бірлігіне әскери полицияның әскери қызметшілері тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button