Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтанда 230 млн шаршы метрден астам аумақ масаға қарсы өңдеуден өтті

Нұр-Сұлтанда маса, шыбын-шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекция жалғасуда. Биыл дезинсекцияның қамту аумағы ұлғайды. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мысалы, масадан аумақты өңдеу жоспары 20%-ға және су қоймаларын өңдеу 25%-ға ұлғайды. Масаға қарсы 230 миллион шаршы метрден астам аумақ өңделді.

«Жұмысқа энтомолог-мамандар мен дезинсекторлар жұмылдырылған. Күн сайын 150-ден астам дезинсектор мен ондаған арнайы машиналар дезинсекциямен айналысады. Жұмыстар роторлы бүріккіштермен де, машиналармен де жүргізіледі. Дезинсекция екі ауысымда жүреді», – деді қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Рысалиев.

Жұмыстар үнемі масалардың көбею орындары мен елорда маңындағы қорғаныс бөгеті аймағында, барлық су қоймаларында жүргізілді. Қазір қаланың ішкі кварталдық аумақтарын және жалпы қолданыстағы аумақтарды (көшелер, саябақтар, гүлзар) өңдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ масамен тиімді күресудің маңызды аспектісі – мектеп, балабақша, денсаулық сақтау нысандары, сауда үйлері және т.б. аумақтарды өңдеу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close
Close