Басты жаңалықСаясат

Дәурен Абаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевты ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button