ДенсаулықНұр-Сұлтан қаласы

50 науқас жасанды өкпе желдету аппаратына қосылды

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны үш есеге артты, 50 науқас жасанды өкпе желдету аппаратына қосылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

«Бүгінде қалада 3 348 коронавирус инфекциясы ауруы тіркелді, оның ішінде өткен аптада 587 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш алдыңғы аптаға қарағанда 21 пайызға көбейді. Күнделікті өсім – 3 пайыз, 2 291 науқас жазылып шықты», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бүгінгі күні ауруханада 2 610 науқас жатыр, бұл – алдыңғы аптамен салыстырғанда үш есе көп. Оның ішінде пневониямен ауыратындар саны – 92 пайызды құрайды.

«Бүгінде ауруханадағы 126 науқастың жағдайы тұрақты, 50 науқас немесе 40 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 12 маусымнан бастап, медициналық ұйымдардағы төсек-орын саны қайта қарастыру арқылы 825-ке дейін жеткізілді. Сонымен төсек-орын 53 пайызға дейін ұлғайтылды», – деді Сәуле Қисықова.

Ілмектер

Бас редактор janalyq.kz

janalyq.kz платформасының бас редакторы

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close
Close