Спорт

Қазақстан 2026 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуі мүмкін

2026 жылы Қазақстан шайбалы хоккейден элиткалық дивизиондағы әлем чемпионатын қабылдаудан үміткер мемлекеттер қатарына қосылды.

Қазір мұндай елдердің қатарында Қазақстаннан өзге Норвегия мен Ұлыбритания бар. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) алдағы уақытта бұрын мұндай дүбірлі доданы өткізбеген елдерді таңдауға назар аударып отыр.

Биыл әлем чемпионаты Швейцарияда өткізілуі тиіс болатын. Дегенмен коронавирус пандемиясына байланысты аталған мемлекет жарысты қабылдаудан бас тартты. Әлем чемпионатын 2021 жылы – Беларусь пен Латвия, 2022 жылы – Финляндия, 2023 жылы Ресей, 2024 жылы – Чехия, 2025 жылы – Швеция мен Дания қабылдауға дайын.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы 2019 жылы бірінші дивизионда озық шығып, элиткалық дивизионға жолдама алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button