Басты жаңалықЖаңалықтар

Алматы облысында хирургтер ер адамның асқазанынан қасық алып шықты

Қонаев қаласындағы ауруханада хирургтер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасығын алып тастады, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әдетте адамның асқазан-ішек жолына бөтен зат түссе, дәрігерлер күту тактикасын ұстанады. Алайда мұндай жағдайда оларға эндоскопиялық жоюға жүгінуге тура келген.

“Уақтылы диагноз қойылмаса, қабыну үдерісі, бөгде дененің айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, миграциясы, сонымен қатар өлімге әкелетін перитонитпен ішек өтімсіздігі немесе перфорацияның пайда болуы мүмкін еді”, – деп түсіндірді аурухана хирургы Тахир Шкуралиев.

Қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезінеді. Ол қасықты ағзасына әдейі енгізгенін мойындайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button