Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орын алды

Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік жарыста 2-орынға ие болды, деп хабарлайды basnews.kz.

“Оқушыларымыз алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада 2-ші орын алды. Құттықтаймын! World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты. Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты”, – деп жазды оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Askhat Aimagambetov (@aimagambetov)

Иманғали мен Бейбарыс роботехника үйірмесіне небәрі 4 жыл қатысып жүр. Дегенмен, түрлі жарыстардан орын алып,Қалалық, Республикалық, Әлемдік денгейлерден орын алып жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button