Басты жаңалықЖаңалықтар

Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласының әкімі қызметінен босатылды

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов оның отставкасын қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды janalyq.kz

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев өзінің тікелей қарамағындағы, қала әкімінің экс-орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қызметінен кету туралы өтініш берген.

Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметінен кетті. Осылайша 2022 жылдың 8 тамызында ол қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ардақ Қаңтарбаев 2020 жылдың қыркүйегінен бері Екібастұз қаласының әкімі қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button