Басты жаңалықЖаңалықтар

Рейсті кешіктіргені үшін Air Astana-ға төртінші рет айыппұл салынды

Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тартып жатыр, деп хабарлайды janalyq.kz

Азаматтық авиация комитеті таратқан мәлімет бойынша, 16 шілде күні Air Astana компаниялар тобына кіретін Fly Arystan”бөлімшесінің Алматы – Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілгені анықталды.

Мәселен, ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына қонақ үйде тұру бойынша қызметтер ұсынылмаған.

Осыған байланысты 4 тамызда авиакомпанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 063 000 тг) мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, Комитет заңнамада көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, авиатасымалдаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті шаралар қабылдайды.

Бұл – Air Astana әуекомпаниясы тобының рейс кешіктірілген кезде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен өткен айда жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартудың төртінші жағдайы, – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев

Басқа жаңалықтар

Back to top button