17Жаңалықтар

Бәріміз жұмылсақ қана өзіміз қалағандай Жаңа Қазақстанды құра аламыз

Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум 2022 жылы 5 маусым күні өтеді. Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы қазіргі Конституция бекітілген кезде өткен.

Референдумға қатысып, ой-пікірлеріңізді ашық айту еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаңыздар. Бәріміз бір кісідей жұмылсақ қана өзіміз қалағандай Жаңа Қазақстанды құра аламыз.
Ата Заңымызда 98 бап бар. Ата Заңымыздың 3/1 бөлігіне өзгерістертер мен толықтырулар енгізгелі отыр. Халықтың ел басқару ісіне араласуы кеңейтіліп, азаматтардың құқын қорғау тетіктері күшейтіледі. Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту мақсатында Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады.
Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі негізінде жасақталады: оның біріншісі, біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесімен, екіншісі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылады. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Мәжілісте жылына екі рет есеп беретін болады.
Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың азаматық парызы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Келешек ұрпақтың ертеңіне бей — жай қарамай 2022 жыл 5 маусым күні дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамын.

Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Султанов Юлдаш Шадыбайұлы

Басқа жаңалықтар

Back to top button