Діндерді зерттеу орталығында елорданың діни ахуалы туралы баяндалды
ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев пен Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығына келді.
⠀
Дін істері басқарма басшысы Нұрдаулет Әлмұханов елорданың діни ахуалы туралы баяндап, пандемияға байланысты енгізілген өзгерістер туралы айтып өтті. Орталықтың директоры Мади Тайпин вице-министрге жұмыс барысын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
⠀
Вице-министр діни бірлестік өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнатудың және оларға әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыруға көмек көрсетудің маңыздылығын ескеру керектігін атап өтті. Осының барлығы елдегі конфессияаралық келісімді сақтауға және нығайтуға әсер ететіні сөзсіз.
⠀
Орталық қызметкерлері Серік Рахметоллаұлына дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.